25 ақпанда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында қала басшылығы мен кәсіпкерлер өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ әлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағаларын ұстап тұру үшін қала басшылығы алып жатқан шаралар туралы, отандық, соның ішінде жергілікті өндірушілерді қолдау және сауда жасау үшін жағдай жасау жөнінде әңгімеледі. Қазіргі уақытта көптеген супермаркеттерде отандық өнімдер үшін арнайы сөрелер мен бұрыштар бөлінген. Сауда үйлерінің, базарлар мен супермаркеттердің өкілдерімен меморандумға қол қою осы бағыттағы кезекті қадамға айналды. Супермаркеттер, өз кезегінде, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен басқа азық-түліктерді өндірушілермен ынтымақтастық туралы келісімге келді.
– Қазір маусым емес, бірақ 10 наурызда біз жылыжайлардан өнімдер жинай бастаймыз. Біз меморандум шеңберінде оларды супермаркеттерге жеткізуге үміттенеміз, - дейді «Жұмағалиев» ШҚ басшысы Өтеміс ЖҰМАҒАЛИЕВ. - Өнімдерді өткізуге қатысты бізде проблема жоқ, өнімдерді кәсіпорындар, базарларда көтерме саудамен айналысатындар қуана сатып алады.
–Бұрын сіз тауарды комиссиямен алғанды жөн көреді деп, супермаркеттермен жұмыс істегенді ұната қоймайтыныңызды айтқан едіңіз.
– «Идеал» компаниясы мерзімдерді біраз созады. Бірақ жаңа келісімге қол қойғаннан кейін екі тарапқа да тиімді шартпен жұмыс істей алатын шығармыз деп ойлаймын, - дейді сеніммен Өтеміс Жұмағалиев.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ