Атырау, 26 сәуір 21:23
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

3 287 просмотра

Ақпанның 18-де таңертең Атырауда Павлик Морозов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің алдында «Skoda Felicia» маркалы автомобиль түгелдей өртеніп кетті. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Ақпанның 18-іне қараған түні Жылыой аудандық ауруханасының терапия бөлімшесіне Құлсары қаласының өнеркәсіп базасынан үш жұмысшы бет күйігімен түскен. Ер адамдардың IZUSI маркасындағы жүк көлігінің кабинасында тамақ ішіп отырғанда 2 литрлік газ баллоны атылғандығы анықталды. Екі зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

***

 

Атырау кәсіпкері полицияға бір жыл бұрын 34 жастағы қала тұрғынының кейінірек төлеуге уәде беріп, бір жарым миллион теңгелік құрылыс материалдарын алғандығын, бірақ ақыры төлемегендігін полицияға хабарлады. Алаяқтық жасаған күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Атырау қалалық ІІБ-не Алмагүл ықшамауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты екі шағым түсті. Тез арада пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, ол азаматтардың ақшасын иемденіп, ғайып болған. Бірінші жағдайда ол Көкарна поселкесінің  34 жастағы тұрғынынан 8 мың доллар, екінші жағдайда Жұмыскер поселкесінің 35 жастағы тұрғынынан бір жарым миллион теңге алып, «отырғызып кеткен». Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды. 

***

 

Ақпанның 17-де ертемен Привокзальныйда белгісіз үшеу 40 жастағы ер адамды тонап, оның «Нокиа» ұялы телефоны мен бәтеңкесін тартып алған. 29, 32 және 54 жастағы күдіктілер ұсталды.

***

 

Ақпанның 19-ына қараған түні Балықшыда көлік жөндеу стансасының аумағынан «Шевроле Круз» көлігі ұрланған. Көлікті жақын маңнан көше жарығының тіреуіне соқтығысқан күйде тапқан. Полиция көлік ұрлаушыны – осы стансада жұмыс істеген 20 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

***

 

Ақпанның 19-да күндіз Атырау – Дамбы жолында су полициясының қызметкерлері салонында 250 келі сазан болған «Мицубиси МонтероСпорт» көлігін тоқтатқан. Жүк жолаушыға, Атырау қаласының 30 жастағы тұрғынына тиесілі. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Атырауда азық-түлік дүкенде-ріне екі рет ұрлық жасады деп күдіктелген 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бірінші жағдайда, биылғы қаңтар айында кассада қалдырылған 150 мың теңге ұрының олжасына айналған. Екіншісінде, 14 ақпанда – 6 мың теңге қолма қол ақша, ноутбук және жалпы сомасы 206 мың теңге болатын азық-түлік ұрланған. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

***

 

Привокзальный тұрғыны полицияға 25 жастағы Балықшы тұрғыны оған көлікке арзан қосалқы бөлшектер әкелуге уәде беріп, 80 мың теңгесін алып, келісілген мерзімде көлік жөндеу орталығына келмегендігіне шағымданды.

***

 

Ақпанның 20-ына қараған түні Мақат поселкесінде АІІБ қызметкерлері «Приора» көлігін тоқтатты. Жүргізушісі өзін күмәнді ұстаған. Сараптама оның есірткіден масайған күйде болғанын көрсетті. Өткен жылдың қазанында оның масаң күйде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізушілік куәлігінен айырылғаны анықталды.

***

 

Атырау-Астрахан тас жолында Жанбай поселкесінің маңында Исатай АІІБ қызметкерлері 22 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан бортты «Газель-Фермер» көлігін тоқтатты. Оның шанағына бір тонна сазан тиеліпті. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Ақпанның 22-де күндіз Махамбет көшесінің бойындағы супермаркетте күзетшілер 19 жастағы екі қала тұрғынын ұстап, полицияға тапсырды. Олардың әрқайсысы «Мерси» шоколадының қорабын қойындарына тығып алып кетпек болған.

***

 

Ақпанның 23-де ертемен Байда селосында Құрманғазы АІІБ қызметкерлері бақылау-өткізу қосыны арқылы РФ бағытына қарай шекараны кесіп өтпек болған, «Лада» көлігіне мінген 33 жастағы Ресей азаматын ұстады. Көлік салонынан 5 келі бекіре тұқымдас балық табылған.

***

 

ҚІІБ криминалдық полициясы 21 ақпанға қараған түні Канцев көшесінің бойындағы үйдің подъезінде пәтерлерінің бірінің телефон сымын қиып тастап, бұзақылық жасады деп күдіктелген 18 жастағы тұрғынды ұстады. 

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.