Атырау, 28 қараша 06:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда қызылша екпесінен кейін бірнеше адам ауруханаға түсті

3 622 просмотра

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқанының барысында Атырау облысында жағымсыз жайттар байқалды.

Бүгін, 23 ақпанда таңертеңмен редакцияға абыржыған ата-аналардан қоңырау келіп түсті. Олар балаларының сыныптастары вакцина егілгеннен кейін түрлі белгілермен облыстық ауруханаға түскендігін әңгімеледі. Оларда есінен танып қалу, тұншығу жағдайлары байқалған, ал енді біреулері аяқтарын баса алмай қалған. Бүгінде жасөспірімдер түрлі бөлімшелерде ем алып жатыр. Оларға дәрігерлер қандай диагноз қояр екен? Ресми дереккөздерден алынған ақпарат жартымсыз әрі бытыраңқы.

Жоспар бойынша мамандарымыз 6 270 адамды егуге тиіс. Үш күн ішінде біз түрлі оқу орнындағы 3 012 адамға иммундау жүргіздік, 285-і бас тартты, соның ішінде 13-і жүктілік бойынша. Науқанның алғашқы күнінде медицина колледжінің 523 студентіне екпе егілді. Ешқандай асқынулар болған жоқ. 18 ақпанда бір жағдай тіркелді - колледждерің бірінің студентінің халі нашарлап, ауруханаға жеткізілді. Бірақ қазіргі уақытта ол шығарылды, - дейді №1 қалалық емхананың бас дәрігері Еркінбай ҚУАНОВ.

Дегенмен, ол жасөспірімдер емхананы айналып өтіп, тікелей стационарға барған жағдайда, вакцина егілгеннен кейін асқынулар саны туралы білмеуі де мүмкін екенін жасырмады.

Облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, Атырауда екпеден кейін ауруанаға түскен алты жағдай тіркелген.
- Бірақ мұның бәрі вакцина егумен байланысты емес, дәлірек айтқанда, бұл жерде әлсіреген иммунитет пен созылмалы аурудың асқынуы орын алған, - деп сендіреді ол.

Сонымен қатар кішкентай балалардың ата-аналары да дабыл қағуда. Мәселе мынада, ұлттық күнтізбеге сәйкес, қызылшаға қарсы вакцина екпесін 1 және 6 жастағы балаларға салады.

Қазіргі уақытта балабақшаларда сәбилерін осы сырқатқа қарсы ектіруге келісім беретіндіктері туралы ата-аналардан қолхат жинап жатыр екен.

Кішкентай балаларға бірден үш ауруға: қызылшаға, қызамыққа, паротитқа қарсы поливакцина егеді. Ал жасөспірімдерге 15 жастан бастап моновакцина салады, - дейді
қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының эпидемия бөлімінің қызметкері Әсел ТУМАНШИНА.

Екі вакцина да бір елде - Үндістаннан шығарылған. Вакциналауға қатысты көптеген реакциялар орын алғаннан кейін бұл науқан тоқтатылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, ал Ұлттық дәрі-дәрмектерге сараптама жасау  орталығы үнділік препаратқа сараптама жүргізуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 ақпан 2015, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.