Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Масленица тойланды

2 330 рет қаралды

22 ақпанда, Масленицаның соңғы күні, атыраулықтар үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.  

Қаладағы ірі сауда орталықтарының бірі алдына құрылған сахнада «Сударушка» ансамблінің әнші әжелері ән шырқады. Мерекеге жиналған қонақтарға тәттілермен шәй беріліп, құймақтар түр-түрі тартылды. Ал балалар үшін ұйымдастырушылар байқаулар мен жарыстар ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. 

Мерекенің басты белгісі – қамыс пен шүберектен жасалған тұлып – Масленица да жасалды. Қыстың аяқталу құрметіне тұлыпты өртеген жоқ, алайда көктемнің жақын қалғанын табиғат сездіргендей.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

23 ақпан 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.