Атырау, 5 қазан 00:22
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ЖКО-да қаза болған марқұмдардың туыстары кінәсіз жанды соттады деп есептейді

2 385 просмотра

19 ақпанда №2 қалалық сотта Астрахан тас жолындағы мал базарының маңында екі адамға ажал құштырған жол-көлік оқиғасы туралы атышулы іс бойынша үкім жарияланды.

Құрбан айтта ажал құшты», «Мал базары жанындағы көлік апаты бойынша сот басталды»).

Сотталушы – мал сатушы, бортты УАЗ көлігінің жүргізушісі Ғалымжан АХМЕДИЕВ (суретте) – Жол қозғалысы ережесінің: «Көлiк құралының жүргiзушiсi қиылыстан тыс жерде солға немесе керi бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс» деген 8.9-тармағын бұзуда кінәлі деп танылды.

Ахмедиевтің жүк көлігі «Тойота-Авенсис» (облыстық прокуратураның қызмет көлігі) көлігімен соқтығысу салдарынан «Тойота» жол жиегіне шығып кетіп, сол жерде тұрған екі мал сатушылар Құралбек Базарбаев пен Амантай Аштахаевты қағып кеткен. Олар зақым салдарынан көз жұмды.

Ахмедиевті 5-тен 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-тармағы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») бойынша соттады. ҚР ҚК-нің 63-бабын («Шартты түрде соттау») қолданып, сот оған 3 жыл сынақ мерзімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынынан айыру жазасын тағайындады.

СудьяЗәуре ҚАЗАҚБАЙ залда қатысушыларға басқа жол-көлік оқиғасына қатысушы облыстық прокуратураның бұрынғы жүргізушісі Меллят АЯПОВҚА қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығын, ол аяқталғаннан кейін оны да сот күтіп тұрғанын түсіндірді.

Үкім жарияланғаннан кейін мал сатушы марқұмдардың туыстары кінәсіз жанды соттағанын мәлімдеді. Сотталушының адвокаты Төлеген ЖЕТПІСБАЕВ аппеляциялық шағым беретіндігін мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 ақпан 2015, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.