Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда Украинада соғысқан жергілікті тұрғын ұсталды

4 014 рет қаралды

Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВ Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВ 20 ақпанда биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстердегі жаңа өзгерістер бойынша өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВ терроризммен және экстремизммен күрес туралы әңгімеледі.

– Жаңа ҚК-те 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын 172-бап («Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу») бар, - деді Б.Сауғабаев. – Осы бап бойынша жыл басынан бері Атырау облыстық ҰҚК қазіргі уақытта шетелде жүрген облыстың 8 тұрғынына қатысты 8 қылмыстық іс қозғады. Бізде олардың сол жақта қарулы қақтығыстарға қатысып жүргендігі туралы айқын дәлеліміз бар.

– Олар Сирияда соғысып жүр ме?

– Сирияда және басқа мемлекеттерде. Тағы бір факт – Атырау облысының тұрғыны Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқан. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол қазір Атырауда, қамауға алынған.

Толығырақ айтып берсеңіз.

– Жоқ. Әзірге ешқандай толық ақпарат айта алмаймын.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 

20 ақпан 2015, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.