Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 4 жасар қызды зорлауға әрекет жасау ісі бойынша үкім шығарды.
Қылмыс өткен жылдың қыркүйегінде облыс аудандарының бірінің орталығында жасалған еді. 38 жастағы мас жергілікті тұрғын балмұздақ алып берем деп сәбиді алдап, өз үйі ауласындағы моншаға кіргізген. Сол жерде ол қызды шешіндіріп, қарсылық көрсеткендіктен оны ұрған. Бұл уақытта полицейлер үлгеріп келіп, монша есігін бұзып кіріп, қаскүнемді ұстаған.
Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-тармағы («Он төрт жасқа толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасау») бойынша оған қатаң режимдегі колонияға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау +4