Атырау, 11 желтоқсан 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

«Итальяндық» Нарын құмын қолайлы көреді

2 317 рет қаралды

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық филиалы мамандары 2015 жылы Құрманғазы ауданының теңіз жағалауында шегіртке зиянкестерінің саны артады деп болжам жасап отыр.

- Біз биыл Құрманғазы ауданында азиялық шегірткенің зиян келтіру ауданы 40%-ға артады деп қорытынды жасап отырмыз. Бұл Каспий теңізінің пестицидтермен өңделмеген жолсыз жағалаулары мен аралдары, - дейді филиал директоры Хамидолла ДӘУЛЕТИЯРОВ. – Біз дельтапландардың көмегімен өңделетін жерлер мен олардың мерзімдерін белгіледік. Өз уақытында өңдеу жұмыстарын жүргізу жәндіктердің таралуына жол бермейді.

Этномологтардың тағы бір болжамы бойынша, шегірткенің тағы бір түрі – итальяндық тарақан жайылған аумақ 38%-ға азаймақ. «Азиялықтан» «итальяндықтың» бір айырмашылығы олар ылғалға төзбейді, сондықтан да Нарын құмы мен Тайсойғанды қолайлы көреді екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 ақпан 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.