Атырау, 28 қараша 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ЖКО-да қаза болған украиндықтар денесін елдеріне алып кетті

3 425 просмотра

12 ақпанға қараған түні Құлсары қаласына жақын маңда болған ЖКО кезінде қаза болған Украина азаматтары Анатолий МАШТАКОВ, Лилия ЖЕЖЕРЬ және оның ұлы Андрейдің Атырау ЖКО-да қаза тапқан украиндықтардың туыстарына көмек көрсетуде» мақаласын қараңыз) денесі салынған автокөліктер Қазақстан-Ресей шекарасынан өтті.

Кәсіпкер Алхазур АБУБАКИРОВТЫҢ айтуынша, осы игі іске қатысқан көптеген атыраулықтармен бірге Құлсары қаласының билік өкілдері де 11 ақпанда денелерді тасымалдауға қажетті құжаттарды тез ресімдеп, өз көмектерін көрсетті. Билік сондай-ақ ағаш табыттар мен «Газель» жүк көлігін беріп, автокөліктерге Ресей шекарасына дейін ілесіп бару үшін АІІБ қызметкерін іссапарға жіберді. Бастамашыл топ Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВҚА, АІІБ анықтау бөлімінің бастығы Сағын ДОРЖИКОВҚА, құлсарылық бизнесмен Ерлан ӨТЕУЛИЕВ пен оның достарына үлкен көмектері үшін ерекше алғыс айтады.

А. Маштаковтың денесін анасы тұратын Пятигорскіге дейін алып баратын бір «Газельдің» жолақысын А. Абубакиров төледі. Құлсары қаласы әкімдігі бөлген жүк көлігімен Лилия мен Андрейдің денесін алып кетті. Шекарадан өткеннен кейін қаралы жүкті Лилияның жұбайы Александр мен атасы Николай алып келген «Газельге» салды (олар шетелге шығатын төлқұжаттары жоқ болғандықтан шекарадан өте алмаған екен). Содан кейін олар Луганскіге жол тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 ақпан 2015, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.