Атырау, 25 қараша 11:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Норманд төрттігі" 48 сағат ішінде бітім орнатуға талпынады

1 447 просмотра

Фото: ReutersФото: ReutersМинскіде "норманд төрттігі" жетекшілерінің келіссөздері өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Кездесуге қатысушылар Донбасс аймағында 48 сағат ішінде ымыраластық орнатуға талпынып отыр.

Минскіде 14 сағаттан артық уақытқа созылған келіссөздер барысында тараптар Украинаның шығысындағы ахуалға қатысты жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізді. Келіссөздерге қатысы бар ақпарат көзінің хабарлауынша, "норманд төрттігі" ілгерілеушілікке қол жеткізіп, енді әзірленген құжатты байланыс тобының қарауына бергелі отыр. Уағдаластықтарға сәйкес, ымыраластық 14 ақпан күні орнауы керек. Жанжал аумағынан ауыр қару-жарақ түрі шығарылып, қауіпсіздік аймағы құрылуы тиіс.

Қазіргі уақытта келіссөздерге ЕҚЫҰ өкілі Хайди Тальявини мен "норманд төрттігі" сыртқы істер министрлері қосылған.

Украина президенті Петр Порошенко кездесудің әзірше еш нәтиже бере қоймағанын, Ресей тарапы өте қиын талаптар қойып отырғанын мәлімдеді. "Өкінішке қарай, әзірше жақсы жаңалықтар жоқ. Дәл қазір еш жаңалық жоқ. Бірақ үміт әлі де бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, Минскідегі келіссөздер барысында Ресей, Франция, Германия және Украина Донбасс аймағындағы жанжалды реттеу жөнінде барлық мәселені келіскен болатын. Өзін-өзі жария еткен Донецк және Луганск халық республикалары аумағындағы Ресей - Украина шекарасын бақылау мәселесі ғана ашық күйінде қалды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Беларусь астанасындағы келіссөздер аталған учаскеде жергілікті халық арасынан шекара қызметінің кадрлық құрамын қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланыста өтті. Онда содырлар басып алған аумақтарда "халық милициясын" құру және аймақта жаңа биліктің өкілеттік мерзімін белгілеу мәселелері де қаралды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

12 ақпан 2015, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.