Атырау, 25 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

2 310 просмотра

Фото: mk-turkey.ruФото: mk-turkey.ruАлматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Түркия Украинадағы шиеленістің өршуіне қарамастан, Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды, деп хабарлады Trend.

«Біз РФ қарсы ЕО санкцияларына қосылуға міндетті емеспіз», - деп айтқан Түркия СІМ министрі Мевлют Чавушоглудың сөзі келтіріледі.

Министрдің айтуынша, Ресей Түркияның маңызды сауда серіктесі болып табылады.

«Сондықтан біз антиресейлік санкцияларға қатыспаймыз. Егер қажет болса, біз өзіміздің шараларымызды қабылдаймыз», - деді М.Чавушоглу.

Оның айутынша, Еуроодақ та Ресейге қатысты өздерінің снакцияларын онша белсенді салып отырған жоқ, Ресеймен іскерлік қарым-қатынастар жалғасуда.

«Германия мен басқа да еуропалық елдер ресейлік газдан бас тарта ала ма? Өмірге шынайы көзқараспен қарайық, әр мемлекет өздерінің жеке мүдделерін ескерулері тиісті», - деді ол. 

Дереккөз: ҚазТАГ

12 ақпан 2015, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.