Атырау, 28 қараша 04:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Волгоградта жазатайым оқиға орын алып, Атыраудың екі тұрғыны қаза тапты

3 082 просмотра

«”Комсомольская правда” в Волгограде» газетінің сайтына Волгоградтың Краснооктябрск ауданында 6 ақпан күні бортты «Газель» көлігінің кабинасынан 20 жастағы қыздың және 27 жастағы жігіттің денелері табылған – екеуі де Атырау қаласының тұрғындары екендігі анықталған деген ақпарат шықты. 

Жергілікті тергеуші «Комсомольской правда» газетіне олар кабинада көздері жабық күйінде отырғанын және ұйықтап жатқандай көрінгенін, бірақ, олардың жанынан өтіп бара жатқан адамдардың бірі жайсыз нәрсені байқап қалып, «жедел жәрдем» және полиция шақырғанын хабарлады. Тергеушінің айтуынша, жастар мұнда Атыраудан «Ямаха» мотоциклін (ол көліктің қорабында жатқан) сатып алу үшін келген, ал, кері жолға шығар алдында ұйықтап алмақ болған. Басты жорамал - техникалық ақаулардың орын алуы салдарынан кабинада газ толып, олар содан тұншығып қалған болуы мүмкін. 

Біз Атырау облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАҒА хабарластық. Ол былай деп ақпарат таратты: «Факт орын алған. Атырау қ. ІІБ-на қаза тапқандардың туыстары волгоградтық сот-медицина сараптамашыларының денелерінде зорлық іздері анықталмаған деген қорытындысын ұсынып, өлім туралы анықтаманы сұрап келді. Факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді».    

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 ақпан 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.