Атырау, 3 маусым 06:45
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Атырау мен Жанбайдағы улану оқиғалары

2 413 рет қаралды

Атырауда «белгісіз этиологиядан улану» орын алды.

8 ақпан күні сағат 22-де облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне «белгісіз затпен улану» диагнозымен қала маңындағы Бірлік-2 аулының №15 көшесі, №5 үйдің төрт баласы (10, 7, 6, 5 жаста) мен Доссорский өткелінен 4 жасар бала түсті. Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды.

Екінші жағдайда улану себебі анықталды. ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 ақпанда Исатай ауданының орталық ауруханасының терапевтік бөліміне табиғи газдан уланған 44, 37 және 23 жастағы ересек адамдар мен 8, 3 және 2 жасар балалар түсті. Олардың барлығы бір отбасыдан, Жанбай селосындағы Нысанов көшесі, №12 үйдің тұрғындары. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 ақпан 2015, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.