Атырау, 25 қараша 11:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Меркельдің Путинге қойған ультиматумы белгілі болды

1 604 просмотра

Фото: AFPФото: AFPГермания канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинге сәрсенбі - 11 ақпанға дейін Германия мен Франция жасаған Украина жөніндегі бейбітшілік жоспарына қатысты ұстанымын айқындауды ұсынды, - деп хабарлайды РБК. Ол бұлай болмаған жағдайда ЕО тарапынан Ресейге жаңа санкциялар енгізілетінін айтты.

Wall Street Journal басылымы ақпарат көздерінің хабарлауынша, ГФР канцлері Минскіде өтетін "норманд төрттігі" кездесуінде Путин Германия мен Францияның бейбіт жоспарына келісім беруі керек деп есептейді. Оның айтуынша, егер Ресей Минск саммитінде жаңа "жол картасын" ескермейтін болса, Германия Ресей компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізіп, есепшоттарына тыйым салынатын Ресей азаматтарының тізімін кеңейтеді.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Меркель Путинге талап орындалмаған жағдайда Германия АҚШ-тың Украинаға қырып жою қаруын жеткізуге қарсы болмайтынын мәлімдеді. Еуропа саясаттанушылары болса, жанжалды дипломатиялық жолмен шешу керек екенін айтты, олардың пікірінше, Меркельдің қосымша қару жеткізу туралы мәлімдемесі жанжалдың шешілуіне септігін тигізбейді.

Еске сала кетейік, Франсуа Олланд пен Ангела Меркель Мәскеуге келіп, Украина жөніндегі бейбіт жоспарды талқылаған еді. Кездесуге қатысқан ел өкілдері келіссөздердің қорытындысын "сындарлы" деп бағалады. 8 ақпан күні келіссөздер телефон арқылы жүргізілді, оған Украина президенті Петр Порошенко да қатысты. Оның нәтижесінде Минскіде "норманд форматындағы" кездесу өткізу туралы шешім шығарылды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 ақпан 2015, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.