Hanlong group-тің негізін салушы Лю Хань. Фото: AFPҚХР Жоғарғы халық соты елдегі ірі қылмыстық топты басқарған миллиардер Лю Ханьды, оның інісі Лю Вэйді және тағы бес сыбайласын өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Қытай Орталық телеарнасының хабарлауынша, қылмыстық топтың 1993 жылдан бері жасалған бірнеше қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Лю Хань тұтқынға алынған уақытқа дейін Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Сычуань провинциясындағы ең ірі тау кен өндірістерінің бірін басқарып келген.
Қытайдың «Хужунь» журналы келтірген деректерге сүйенсек, 2012 жылы Лю Хань Қытайдағы миллиардерлер тізімінде 230-орында тұрған.
Дереккөз: bnews.kz