Фото: Kapital.kzАлматы. 9 ақпан. ҚазТАГ – Ресей президенті Владимир Путин мысырлық «Әл-Ахрам» газетіне берген сұхбатында мұнайдың белгілі бір сәтте қымбаттауы мүмкін екенін, ал оның нағыз экономикалық есеңгіреу болатынын мәлімдеді, деп хабарланады РФ басшысының сайтында.
В. Путин мұнай бағалары төмендеуінің басты қауіп-қатерлері «мұнай саласының инвесторлар үшін тартымсыз болып келе жатқандығында» екенін көрсетті, және де «олар технологиялық жағынан қиын кен орындарын өңдеуден, инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі жобалардан бас тартуға мәжбүр, осылайша мұнай ұсынысы нарықта біртіндеп, бірақ сөзсіз түсе беретін болады».
«Бұл белгілі бір сәтте кері жаққа қарай жаңа күшті түзетім орын алып, оның нағыз экономикалық есеңгіреу болуы мүмкін екенін білдіреді. Ондай түбегейлі өзгерістер мұнай өндірушілеріне де, тұтынушы елдерге де, жалпы алғанда әлемдік экономикаға де қажет емес», - деді ол.
РФ президенті қазіргі мұнай белгіленімдерінің таяу шығыс өңіріндегі мұнай өндіруші елдерге айтарлықтай ықпал етіп отырғанын атап өтті.
«Көп мемлекеттің бюджеттері мұнайдың қазіргіге қарағанда, жоғарылау бағаларына қарап түгенделген. Оған қоса өңір жаңа қауіп-қатерлерге кезігіп отыр, және де оларға деген есі дұрыс жауаптар қосымша ресурстардың тартылуын қажет етеді. Сондықтан Таяу Шығыста мұнай нарығын тұрақтандырып, сұраныс пен ұсынысты теңестіруді түсіну артып келеді», - деді В. Путин.
Сонымен қатар ол «энергоресурстардың болжамды және тұрақты нарығы барлық мемлекеттің мүдделеріне жауап беретінін» баса айтты.
«Сол себепті де қазіргі жағдайда әлемдік мұнай нарығының ілгергі сенімді дамуы үшін, әлемдік мұнай нарығының жауапты қатысушыларының күш-жігерлерін біріктіру қажет», - деп түйіндеді РФ басшысы.
Дереккөз: ҚазТАГ