Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ.Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп беріп, 2015 жылғы жоспарларымен бөлісті.
НЕ ЖАСАЛДЫ?
Соңғы үш жылда қала халқы ресми есеп бойынша 21 мыңға өсіп, 290 мың адамды құрады.
Жұмыспен қамту орталығына тіркелген 6492 адамның 1734-і жұмысқа орналасып, 823-і кері оқуға жіберілді, 851-іне уақытша жұмыстар берілді.
«Жұмыспен қамту-2020. Жол картасы» бағдарламасы бойынша 143 адам жалпы сомасы 352,7 млн теңге несие алып, 816 жұмыс орнын ашты.
2 мектеп, 3 балабақша ашылып, демеушілердің есебінен 10 балабақша мен 5 мектепке жөндеу жұмыстары жасалды.
2014 жылы Атырау қаласының әкімдігі және 14 жеке меншік медициналық компания соғысқа қатысушыларға тегін қызмет көрсету туралы меморандумға қол қойды, олар 51 майдангерге ем жасауда.
Құқықбұзушылықтардың үштен бірі (66 880-нің 23,7-сі) сыртқы бейне бақылау көмегімен анықталды.
8 апатты үй тұрғындарына 64 пәтер; жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға 163 пәтер; Байшонастан көшіп келгендерге 136 пәтер берілді.
936 игерілмеген жер телімі анықталып, 727 телім бойынша құжаттар өкілетті органдарға жіберілді.
«Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша 22 көппәтерлі үйге жөндеу жүргізілді.
НЕ ЖАСАЛАДЫ?
Атап айтсақ, үстіміздегі жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 465 пәтерлік 12 тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда (жоба республикалық бюджеттен қаржыландырған). Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 420 пәтерлік 3 тұрғын үй тапсырылады.
Диспетчерлік орталықтарда және 250 автобусқа GPS қондырылды, сондай-ақ 25 аялдамаға жарық диодты табло қондыру жоспарлануда.
52 көппәтерлі үй, сондай-ақ Балықшыдағы әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
2015 жылы 15 жылыжай қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА