Атырау, 25 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина бас прокуроры Ресейден Януковичті табыстауын сұрады

2 132 просмотра

Фото: business-swiss.chФото: business-swiss.chАлматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема Ресей бас прокуроры Юрий Чайкадан Виктор Януковичті табыстауды сұрады, деп хабарлады УНИАН украин жаңалық агенттігі.

«Бас прокурор Виталий Ярема РФ бас прокуроры Юрий Чайкаға Украинаға Ресейде украин әділ сотынан бой тасалап жатқан экс-президент Виктор Януковичті және оның сыбайластарын, бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларды» табыстау өтінішімен жүгінгенін мәлімдеді», - делінген жұмадағы хабарда.

Сонымен қатар В. Януковичті Украинада жауапқа тарту Верховная Раданың сырттай қылмыстық өндіріс және сырттай соттау туралы заң қабылдағанынан кейін мүмкін болғаны түсіндіріледі.

«Яреманың айтуынша, Верховная Раданың сырттай қылмыстық өндіріс және сырттай соттау туралы заңды қабылдағанынан кейін, құқық қорғау органдары «тиісті жұмысты бастады». Ярема, үлкен өкінішке қарай, прокуратура да, Украинаның басқа да құқық қорғау органдары да РФ-ға қашқан бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарта алмайтынын жеткізді», - деп атап көрсетілген хабарда.

Хабарланғандай, 2014 жылдың 22 ақпанында Украина парламенті отырыста президент В. Янукович «конституциялық емес тәсілге өзін-өзі шеттетіп», мерзімінен бұрын сайлауды 2014 жылдың мамырына белгіледі деген қаулы шығарды.

23 ақпанда Верховная рада спикері Александр Турчинов президентті қайта сайлау нәтижелерін орнатқанға дейін Украина президентінің м.а. болып тағайындалды. 25 мамыр күні президент сайлауында Петр Порошенко жеңіске жетті, оған сайлаушылар 59,48%-дық қатысыммен 54,70% дауыс берді.

2014 жылдың наурызында Украина В. Януковичті экстрадициялауға барлық құжаттарды әзірлеп қойды және оны халықаралық іздеуге жариялау өтінішімен интерполға жүгінді.

В. Янукович бірқатар қылмыстарды, атап айтқанда, тәуелсіздік Майданында бейбіт азаматтарды жаппай өлтіргені, ақша жымқырғаны, Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұққаны және 2010 жылы Украина конституциясын бейконституциялық өзгеріске ұшыратқаны үшін айыпталуда. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 ақпан 2015, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.