Атырау, 25 қараша 11:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Наурызға қарай Грекия үкіметінің ақшасы таусылуы мүмкін

1 896 просмотра

Фото: rbc.ruФото: rbc.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпанға қарай Грекияның ақшасы таусылуы мүмкін. Бұл егер несие берушілер қысқаша уақыттық алыс-берісті көтермесе орын алуы мүмкін жағдай. Бұл туралы елдің қаржылық жағдайымен таныс дерек көзіне сілтеме жасаған Bloomberg хабарлайды.

Қазіргі кезде Грекияда ресми несие берушілердің қысқа уақыттық облигацияларына орнатқан лимиті 15 млрд. еуроны құрайды, деп жазады РБК. Егер лимит көтерілмесе, үкімет 25 ақпанда қаражаттың жетіспеуі жағдайына ұрынуы мүмкін. Шығындарды қысқарту жағдайында үкімет тағы бірнеше апта жүре алады.

«Наурыз айының соңына қарай ол (елдің жаңа премьер-министрі Алексис Ципрас) экзистенциональдық таңдау жасай алады: өзі мойындамай отырған талаптары бар құтқару ауқымын қабылдау немесе еуро аймағынан шығу», - деп хабарлады дереккөз.

Бейсенбі күні шектеуді көтеру мәселесі Грекияның Қаржы министрі Янис Варуфакис пен неміс қаржы министрі Вольфган Шойбленің кездесуінде талқыланады. 4 ақпан күні Еуропалық орталық банк 11 ақпаннан бастап Грекияның несиеге кепіл ретінде ұсынып отырған мемлекеттік облигацияларын қабылдамайтынын мәлімдеді.

Қаңтардың соңында Еуропалық орталық банкі егер Грекия өзінің экономикасын құтқару бойынша бағдарламасының қызметін жалғастырмаса, реттеуші елдің одан әрі несиелендірілуі тоқтайтыны туралы айтты.  ЕОБ-ның басқарушы кеңесінің құрамына кіретін Финляндия банкінің басшысы Эркки Лииканен 2015 жылғы ақпанның соңына қарай Грекияның Еуропа және ХВҚ-мен келісілген дағдарысқа қарсы әрекеттер пакеті қызметінің мерзімі аяқталатыны туралы мәлімдеді.

«Қандай да бір шешім табылуы тиіс, олай болмаса, біз несиелендіруді жалғастыра алмаймыз. Борыш құрылымын қайта қарау жекеменшік инветорларымен өткізілді. ЕОБ мемлекетті тікелей қаржыландыра алмайды, бұл осы жағдайға байланысты», - деді ол.

Елдің қаржылық проблемаларын ескерген Ресей қаржы министрі Антон Силуанов Грекияға Ресей тарапынан қаржылық көмек көрсету мүмкіндігін айтты. «Біз кез келген жағдайдың болуын қарастырамыз, сондықтан егер Ресей үкіметіне осындай өтінім келіп түссе, біз оны міндетті түрде қарастырамыз, онымен бірге Ресей мен Грекия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық факторларын ескереміз», - деді Силуанов.

Өз кезегінде Грекия Ресейден көмек сұраудан бас тартты. Елдің премьер-министрі Алексис Ципрас әзірге бұл жөнінде келіссөздер еуропалы0 әріптестермен жүргізіліп отырғанын мәлімдеді. «Дәл қазір басқа ешқандай нұсқалар қарастырылып отырған жоқ», - деп түсіндірді Ципрас. 

Дереккөз: inform.kz

5 ақпан 2015, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.