Фото: massaget.kzАлматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Түркия елде 4 айдан артық болмайтын шетелдіктерге елде уақытша тұру рұқсатының күшін жояды, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.
«Түркияда жылжымайтын мүлкі барларда проблема туындауы мүмкін. Билік елде жылына 120 күннен артық болмайтын шетелдіктердің елде уақытша тұруға берілген рұқсатының күшін жояды», - делінген мақалада.
Хабарда айтылғандай, бұл Түркияда жылдың тек жылы мерзімінде, «әдетте сәуір мен қазан» аралығында ғана болғысы келетін шетелдіктердің өмірін қиындатуы мүмкін.
«Түркияда елде уақытша тұруға берілетін рұқсат құжатсыз (УТРҚ) мемлекеттік медициналық сақтандыруды алу, үйге интернет пен телефон орнату мүмкін емес», - делінген хабарда.
Бұл ретте риелторлардың біреуінің түсіндіруінше, «бір жылдық УТРҚ-сыз ТАПУ негізінде (жылжымайтын мүлікке құқығы барлығы туралы түркиялық сертификат) бұрынғысынша беріле береді, бірақ егер резидент Түркияны 120 тәуліктен көпке тастап шығатын болса, күшін жояды. Бірақ жарты жылдық УТРҚ-ға бұл заң таралмайды».
Шетелдегі жылжымайтын мүлік сайты Prian.ru мәліметтерінше, 2014 жылы шетелдіктердің Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алуы 55,6%-ға артты: резидент еместер 18 959 жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алыпты. Бұл ретте жылжымайтын мүлік сатып алу үшін ең танымал қала Анталья екен. Осы қаладағы шетелдік жылжымайтын мүлік сатып алушылар үлесі жалпы санының ішінде 34,5% құрады. Одан соң Стамбул - онда шетелдік инвесторлар үлесі 29,4%.
Дереккөз: ҚазТАГ