Атырау, 26 желтоқсан 12:12
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Муссауи: 11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы бар

2 041 рет қаралды

Закариус Муссауи.Закариус Муссауи.2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіде ұшақтардың бірін айдап әкетті деп сотталған Закариус Муссауи террорлық шабуылды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымын Сауд Арабиясы королінің әулеті тікелей қолдап отырғанын мәлімдеді. Муссауидың мәлімдемесін теракт құрбандарының адвокаттары Манхэттен федералдық сотына жіберді. Адвокаттар Сауд Арабиясын "әл-Қаидаға" болысты деп айыптайды.

Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшілігі айыптауға қатысты жасаған мәлімдемесінде Муссауидің айтқанын "психологиялық күйзелісіне ұшыраған қылмыскердің сөзі және ешқандай дәлелі жоқ" деді.

Сауд Арабиясы билігі тергеу нәтижесінде "үкіметтің я шенеуніктердің терактіге қатысы бары" анықталмады дейді.

46 жастағы Муссауи - Франция азаматы. Ол 2005 жылы өзіне тағылған терроризм айыбын мойындап, өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Муссауи жазасын АҚШ-тың Колорадо штатында ерекші күзетілетін түрмеде өтеп жатыр.

Дереккөз: azattyq.org

5 ақпан 2015, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.