Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

1 965 просмотра

Баспаналы болды

Индер ауданында туберкулез сырқатына шалдыққан 5 отбасы баспанамен қамтылды.

Оларға баспана сатып алуға бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінді.

*****

Жол салынады

Қызылқоға ауданындағы 6 елді мекеннің кірме жолы салынбақ.

Бұл жұмыстың сметалық жобасы ақпанда бітеді деп жоспарланып отыр.

*****

Игермесең, қайтар

Қызылқоға ауданындағы ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезінде 74 жер телімінің игерусіз жатқаны анықталды.

28 шаруа жерді мемлекетке өз еркімен қайтарса, 36 шаруаның жалға алған жер телімдері біржақты келісімшартты бұзу арқылы қайтарылды. Бұл жерлер басқа шаруа қожалықтарына берілді.

Күні бүгінде 15 шаруа қожалығы 20 341 гектар жерді жалға алған.

*****

Медпункт ашылды

Тайсойған ауылында жаңа фельдшерлік пункт өз жұмысын бастады.

Жаңа заманауи жабдықтармен қамтылған медпунктте барлық жағдай жасалған. Мұнда екі фельдшер, екі медбике, бір акушер жұмыс істейді.

*****

Аудандардың мәдениет күндері

20 ақпан күні М. Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында Атырау облысы аудандарының мәдениет күндері басталды.

Шара 24 сәуірге дейін созылады. Фестивальді жылыойлық өнерпаздар ашады.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.