«Ақ Жайықтың» қазақ тілінен орыс тіліне аударатын үздік аудармашысы Елеубай БАШЕНОВ өмірден озды.
Ол бізге 2006 жылы келіп, бірден ұжымымымызбен етене араласып кетті: өте сауатты, қос тілді де керемет меңгерген, көңілді, ақ пейіл жан еді. Жұмысына өте мұқият, жауапкершілігі зор болатын. Бұл қасиеттер оның бойынан 1986 жылы сол кездегі Гурьев пединститутының «Орыс тілі және әдебиеті» бөлімінде оқыған кезде байқалған еді. Институттан кейін әскер қатарында болып, Құлсары қаласындағы мектептерде, кейін КТУ-7 (қазіргі сервис колледжі) оқу орнында сабақ берді. Біздің редакциямызға хабарландыру бойынша келіп, аз уақыттың ішінде қиын да жауапты аударма өнерінің қыр-сырын меңгерді. Кейде жұмыста кешке дейін отырып қалып, үйге, жұбайына және үш баласына асығатын...
Ауыр да еш емі жоқ жіңішке дерт байқаусызда келді. Елеубай Ізтайұлы ауруға қасқая қарсы тұрып, соңғы сәтке дейін оны жеңетініне сенімді болды. Ол небары 54-ке аяқ басқан-ды. Бақилық болардан бір күн бұрын онымен әріптестеріміз сөйлескен: ол өзін өте ауыр сезінген, алайда әзілдеуге күш тапқан еді, өмірінің соңғы минуттарына дейін еш жасымады.
Біз оны осы күйінде есімізде сақтаймыз.
«Ақ Жайық» ЖШС ұжымы
Жаназа намазы 1 ақпан күні сағат 10.00-де Атырау қ. Павлик Морозов,88 мекенжайында (" Шын-ер" кафесінiң қасында) болады.