Атырау, 19 мамыр 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қиылыстағы жол көлік оқиғасы

3 721 просмотра

30 қаңтарда Атырауда Молдағұлова-Жарбосынов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Кia» автокөлігі мен «Toyota Hilux»пикапы соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сондай, пикап жолдан шығып кетіп, электр тарату желісі бағанын құлатқан, осының салдарынан Молдағұлова көшесіндегі №213 үйдің шатыры сынды. Оқиға орнында жұмыс істеген жол полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Kia» автокөлігінің ішінде болған барлық 5 адам жеңіл жарақат алған (ол жерде қауіпсіздік жастығы іске қосылған), пикап жүргізушісін «жедел жәрдем» облыстық ауруханаға алып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, Жарбосынов көшесінде келе жатқан «Kia» автокөлігі басты жолда келе жатқан пикапқа жол бермеген.   

Бұл осы қиылыста орын алған алғашқы жол көлік оқиғасы емес. Мәселен, 2013 жылдың қазанында осы жерде Жарбосынов көшесімен Авангардқа қарай бара жатқан жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» көлігі мен Молдағұлов көшесімен Сәтпаев даңғылына қарай бағыт алған «Тенгизшевройл» компаниясының автобусы соқтығысқан болатын. Соқтығысу салдарынан автобус Молдағұлова көшесіндегі №211 үйдің ішіне кіріп кеткен,ал үй қожайыны ауруханаға жатқызылған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсіргенТ. Сухомлинова

30 қаңтар 2015, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.