Атырау, 25 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауласының қарын жинамаған АҚШ мемхатшысына айыппұл салынды

1 862 просмотра

Үйінің ауласындағы қарды жинамағаны үшін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриге айыппұл салынды. Politico басылымының хабарлауынша, ол енді Бостон қазынасына 50 доллар төлеуі тиіс. 

Саясаткердің қала мэрі Мартин Уолштың бұйрығын орындамағаны туралы жергілікті тұрғындар ауласында жатқан қар үйіндісін суретке түсіріп алып, оны қала сайтына орналастыру арқылы хабарлаған екен.

Джон Керридің баспасөз хатшысы Глен Джонсон саясаткердің Сауд Арабиясында сапармен жүруіне байланысты ауласындағы қардың уақытылы тазартылуын қадағалай алмады деп түсіндірді болған жайтты.

«Мемлекеттік хатшы айыппұлды қуана-қуана төлеуге әзір. Бұл боран осы жылдағы ең қалың боран болды деп үміттенейік», - деген баспасөз хатшысының сөздерін мысалға келтіреді The Boston Herald басылымы. Ол сондай-ақ ауладағы қар айыппұл туралы ескерту қағаз келісімен-ақ тазартылғанын жеткізді, деп жазады Associated Press.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда АҚШ-тың шығыс жағалауында дауыл соғып, соңы қалың қарға ұласқан болатын. Жарты метрден жоғары қар түскен Бостон қаласының мэрі Мартин Уолш жергілікті тұрғындарды коммуникация қызметкерлеріне көмекесуге шақырды. Оның жеке тапсырмасына сәйкес, тұрғындар өз үйлерінің алдындағы аулаларды қардан тазартуға міндеттелді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Дереккөз: bnews.kz

30 қаңтар 2015, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.