Атырау, 25 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей сәуір айына дейін ПАСЕ-дегі дауыс беру құқығынан айрылды

2 276 просмотра

РФ Мемдумасының спикері Сергей Нарышкин Еуропа Одағының Парламенттік ассамблеясының пленарлық отырысында (ПАСЕ). Фото: ТАССРФ Мемдумасының спикері Сергей Нарышкин Еуропа Одағының Парламенттік ассамблеясының пленарлық отырысында (ПАСЕ). Фото: ТАССАлматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – ПАСЕ Ресей делегациясын сәуір айына дейін дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады РБК.

«Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Ресейге қатысты қатаңдау редакциядағы жаңа санкция туралы резолюция қабылдады. 160 депутат Ресей делегациясын кем дегенде 2015 жылғы сәуір айына дейін дауыс беру құқығынан айыруға дауыс берді. 42 парламентарий қарсы дауыс берсе, 11-і қалыс қалды», - делінген мақалада.

Ресей делегациясы дауыс беру құқығынан айрылуымен қатар олар ПАСЕ-де баяндама жасай алмайтын, басқа елдердегі сайлау барысына бақылау жасай алмайтын болды, Ассамблеяны басқа да халықаралық органдарда өкілдендіре алмайтын болды. Ресейліктер сондай-ақ ПАСЕ-дегі басшылық қызметтерге отыра алмайтын болды.

Түзетулердің ең басты авторы, Эстониядан ПАСЕ мүшесі Маргус Хансон түсіндіргендей, егер осы жыл барысында Ресей Украинаға қатысты үшжақты келісімшарт тобымен жасалған минскілік келісімдерді орындау аясында өзін оң жағынан таныта алатын болса, ресейліктерге құқықтары қайтарылады деп мәлім етті.

ПАСЕ-дегі Ұлыбритания өкілі Роберт Уолтер мәлім еткендей, «Ресей өкініш танытып, Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтірмейінше» санкцияларды жаңартып және қолдап отыру керек.

Бұл ретте Ресей делегациясының басышсы Алексей Пушков Ресей жыл соңына дейін ПАСЕ-ге қатысуын доғарады деп мәлім етті. Егер жыл соңына дейін ресейліктерге дауыс беру құқығы қайтарылмаса Мәскеу Еуропа Кеңесі мен оның барлық құрылымдарынан шығу мәселесін қойяды деп уәде етті. Пушков пен ресейлік барлық делегация Ассамблея Мәскеуге қатысты санкцияларды қатайту туралы дауыс берісімен отырыс залын тастап кетті.

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) – Еуропалық Кеңесінің консультативтік органы – 1949 жылы құрылған. Ассамблея Еуропа Кеңесіне мүше 47 мемлекеттің парламентінің 636 өкілінің басын біріктіреді. ПАСЕ-нің басты міндеті адам құқығының жағдайына, демократия мен заңдардың сақталуына мониторингі жасау.

Ресей ПАСЕ-ге 1996 жылдан бері мүше. 

Дереккөз: ҚазТАГ

29 қаңтар 2015, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.