Атырау, 28 қараша 03:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Прокуратура: бос жер мен «оғаш» тендер туралы

1 927 просмотра

28 қаңтарда 2014 жылдың қорытындылары бойынша облыстық прокуратураның брифингісі өтті.

Атап айтқанда, облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, өткен жылы 3 мың жұмысшының пайдасына еңбекақы бойынша 94 млн теңгеден астам бережақ өндіріліп алынды. Сонымен қатар, прокурорлар жетім балалардың мүлік құқығы бұзылғанын анықтады. Прокурорлық әрекет ету шараларымен 6 баланың пайдасына алимент өндіріліп алынды, 72 баланың қамқоршысына заң бойынша тиесілі жалпы сомасы 3 млн теңгедей жәрдемақы төленді. Мемлекет меншігіне кадастрлық құны 1,9 млрд теңге, алаңы 2,5 мың гектар болатын пайдаланылмай жатқан жер қайтарылды.

Мемлекеттік электронды сатып алуларға мониторинг жүргізу барысында 2,2 млрд теңге сомада Атырау қаласын көгалдандыру тендерінің қорытындылары жойылды: тендерлік комиссия жеткізушілердің біріне заңға қайшы болатын артықшылық берген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.