Атырау, 28 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ол «Ақ Жайыққа» жазылып, миллион ұтты!

2 850 просмотра

Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының тұрғыны Таслима ДІНЖАНОВА (суретте) - «Ақ Жайық» газетінің дәстүрлі лотерея ойынының басты сыйлығын, 1 миллион теңге ұтқан екі қатысушының бірі. Жаңа жылдың алдындағы қарбалас кезінде онымен тілдесудің сәті түспеді, енді, міне, «ештен кеш жақсы» деген, сұхбатын қазір жариялап отырмыз.

- Сіздердің газеттеріңізге жазылып келе жатқаныма он жыл болды, осы жылдар бойы лотерея ойынына қатысып келемін. Жыл сайын жолымыз болмайтын, ал бұл жолы бірден миллион ұттық! – дейді Таслима апа. – Атырауда тұратын туысқандарымыз телефонмен ұтыс туралы хабарлап, құттықтағанда қатты қуандық! Әрине, бақыт ақшада емес, дегенмен, бұл отбасымыз үшін  қомақты көмек болды. Отбасымызда бес бала бар, барлығы жоғары білім алған, мамандықтарына сай қызмет жасайды. Өзім 35 жыл ауданда денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келемін. 

- Сізге «Ақ Жайық» газетінде қандай тақырыптардағы материалдар оқыған ұнайды? 

- Маған ауыл тұрғыны ретінде аудандар мен ауылдарда болып жатқан жайттардың бәрі қызық, ауыл тұрмысы, ауыл еңбеккерлері туралы жазылған мақалаларға бірінші кезекте назар аударамын. Сіздің газетіңізде осы тақырыптар әрдайым көтеріледі, газет бізге сонысымен де ұнайды.

- Тағы да ұтысыңызбен құттықтаймыз.

- Рахмет, сіздердің ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

Айнұр САПАРОВА

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.