Атырау, 25 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Билл Гейтс кедей елдердегі балалардың екпесіне қаражатты Ұлыбританиядан көбірек бөледі

1 636 просмотра

Microsoft  компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс Global Alliance for Vaccines and Immunisation (GAVI) ғаламдық альянсына  кедей елдердегі балаларға екпе жасауды қаржыландыруға 1,55 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді, ол сома Ұлыбритания Үкіметі бөлетін қаражаттан артықтау, деп хабарлайды РИА Новости Financial Express басылымына сілтеме жасап.

Берлинде сейсенбіде Global Alliance for Vaccines and Immunisation (GAVI) ғаламдық альянсының  конференциясы өтті, онда кедей елдердегі балаларға екпе жасауды қаржыландыруға 1,55 млрд доллар бөлетінін мәлімдеген, ол сома Ұлыбритания Үкіметі бөлетін қаражаттан артықтау.

Тұтастай GAVI әлемдік донор ретінде диарея, пневмония, Б гепатиті, қызылша сияқты ауруларға қарсы 300 млн. балаға екпе жасау үшін 7,5 млрд бөлу міндеттемесін алды.

GAVI донорлары арасында Ұлыбританиядан басқа, 600 млн. еуро бөлген Германия, АҚШ, Норвегия сияқты елдер бар.

15 жылда GAVI қызметі препараттарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ елдердегі 500 млн балаға екпе салуға қаржылай демеуші болады. Осылайша, сарапшылардың бағалауынша, 5-7 млн баланың өмірі қауіптен ада болмақ.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

28 қаңтар 2015, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.