Оңтүстік Кореяның жаңа премьері болып басқарушы "Сэнуридан" партиясының парламенттік фракциясының басшысы Ли Ван Гу тағайындалды, деп хабарлады Ренхап АА оңтүстік кореялық президент әкімшілігіне сілтеме жасап.
Ли Ван Гу үкімет басшысы Чон Хон Вонның орнын басады, деп хабарлады РИА «Новости».
"Мэиль кёндже синмун" газеті атап өткендей, жаңа премьер президент Пак Кын Хеның "мемлекеттік философиясын" жақсы түсініп, ел экономикасын жаңғыртудың үш жылдық жоспары бойынша тиімді реформаларды жүргізетін үлкен тәжірибеге ие.
Дереккөз: ҚазАқпарат