
«Индонезиялық аэробус ұшқыштары ұшақты құтқарып қалмақ болған, дегенмен олардың соңғы минуттардағы сөздерін анықтау әзірше қиынға соғып отыр», - деп хабарлады басылым көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың тергеу саласы өкіліне сілтеме жасап.
Бұған дейін Индонезияның көлік министрі Игнасиус Джонан радарлар мәліметі бойынша лайнер апат алдында күрт жоғары көтерілгенін айтқан болатын.
Естеріңізге салып өтсек, AirAsia компаниясының ұшағы 28 желтоқсан күні радардан жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 155 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі болған.
Дереккөз: bnews.kz
22 қаңтар 2015, 16:14