Донбастағы қарулы қақтығыс кезінде 5 мыңнан астам адам қаза тауып, 1 млн адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп мәлімдеді ұйымның арнайы мониторингтік миссиясының өкілі Майкл Бочуркив, деп хабарлайды РИА Новости.
«Жағдай ушығып барады. Бұған бейбіт халық арасындағы құрбандар санының өте үлкен болуы айғақ. БҰҰ мәліметінше, құрбандар саны бес мыңнан астам, он мыңнан астам адам зардап шеккен. Өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр жандар саны бір миллион адам», — деп мәлімдеді ол «Радио Вести» украиндық радиостанциясының эфирінде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.