Атырау, 25 қараша 10:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ислам мемлекеті» содырлары Түркия шекарасына таяды

2 888 просмотра

«Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары дүйсенбі күні Сирия мен Түркияның шекарасына жақын маңдағы Кобани қаласына басып кірді, деп хабарлайды BBC News.

Жүздеген бейбіт тұрғын Түркия шекарасына қарай қашып, лаңкестер қаланың шығыс бөлігін басып алды. Қара туларын қаланың әр жеріне тігіп, өз билігін орната бастады.

Кобани қаласынан Сирия мен Түркия арасындағы шекараның үлкен бөлігін бақылап отыруға болады. Содырлар қаланы 3 апта бойы торуылдады. Қаладан 160 мыңнан астам Сирия азаматы қашып шықты, олардың басым бөлігі күрттер.

Дереккөз: bnews.kz

 

22 қаңтар 2015, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.