Атырау, 29 қыркүйек 00:46
 дождьВ Атырау +15.6
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Cіріңкеше жанып кетті

2 385 рет қаралды

Бүгін, 21 қаңтарда Атырауда Әлиев пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында жолаушылардың «Газель» көлігі тұтанып, санаулы минуттарда өртеніп кетті.

Қалалық №11 маршрутта қызмет көрсететін жолаушылар «Газелінің» өртеніп жатқаны туралы телефон қоңырауы өртпен күрес қызметіне сағат 16.54-те түскен. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген, бәрі шығып үлгеріпті. Ал жалынның өршігені сондай, келіп үлгерген өрт сөндірушілерге тек машинаның көмір болып қалған «қаңқасын» ғана сөндіру қалған.

Жас жүргізуші: «Не болуы мүмкін екенін білмеймін. Автобус 2007 жылы шығарылған. Шамасы, электр сымы тұйықталған шығар...», - дейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

21 қаңтар 2015, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.