Атырау, 25 қараша 10:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лаңкестер футбол тамашалаған 13 баланы ату жазасына кесті

1 554 просмотра
ИСИМ қанішерлері Ирак пен Йордания арасында өткен футбол ойынын тамашалаған 13 баланы ату жазасына кесті. Бұл жайында Германияның «Bild» газеті хабарлады.

Оқиға Мосулдың әл-Ярмұқ қаласында болған. ИСИМ басшыларының бірі Әбу Шұғайып әл-Алмани өтіп жатқан Азия футбол чемпионатына байланысты футбол көрудің харам екенін, оның Батыстан келгенін жариялап, халықты ескерту үшін «пәтуа хабарларын» көшелерге дейін іліп тастайды.

Ирак-Йордания ойыны барысында ИСИМ содырлары кафелердің бірінде футбол көріп отырған 13 баланың үстінен түседі. «Пәтуаға» бойсұнбағаны үшін қаныпезер содырлар бұларды жазалау үшін футбол стадионына алып барады да сол жерде бәрін тізерлеп отырғызып, атып тастайды. 13 баланың 4-еуі бір үйдің ағайынды балалары болып шыққан. ИСИМ-нен қорыққан ата-аналар балаларының сүйегін алып кетуге бата алмай, қазір балалардың мәйіттері стадионда көмусіз жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

 

21 қаңтар 2015, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.