Атырау, 28 қараша 02:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Шоттар туралы

4 220 просмотра

Электронды шот-фактураларды жазып беру туралы кодекс нормасы 2014 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді, алайда, біздің кәсіпкерлер әзірге электронды жүйенің артықшылығын қолдануға асығар емес. Өйткені, ол көптеген сұрақтар тудыруда. Олардың бірқатарына Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мәди ТӘКИЕВ жауап берді.

Атап айтқанда, олар міндетті түрде тек шот-фактураларды жазып беруге тиіс пе, - кәсіпкерлерді осы мазалайды. Олар қағаз түріндегі шот-фактураларды толтыру кезінде электронды шот-фактуралардың бекітілген үлгісін ұстануы тиіс пе? Егер компания тауарды шетелге шығарумен айналысатын болса, электронды шот-фактураларды шетел валютасымен жазып беру мүмкіндігі қарастырылған ба?

Заңнама барлық ҚҚС төлеушілерді шот-фактураларын электронды түрде жазып беруге міндеттемейді. Электронды шот-фактураларды жазып беру ерікті негізде жүргізіледі. Қағазға шот-фактураларды толтыру кезінде электронды шот-фактуралардың бекітілген үлгісін қолдану міндетті емес. Алайда, Салық кодексінің 263-бабының 5-тармағында қарастырылған реквизиттер көрсетілуі тиіс. Электронды шот-фактураларды жазып берген кезде оны шетелдік валютамен жазып беру мүмкіндігі ұсынылған. Нысанды толтырған кезде «Алушының реквизиттері» бөлімінде «резидент емес» деген жолды белгілеп, содан соң «Тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша мәліметтер» бөлімінде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешімімен бекітілген «Валюта жіктеушісіне» сәйкес валюта коды мен бағамын көрсету керек.

– Біз шот-фактураларды электронды түрде жазып береміз, 300.07 және 300.08 қосымшаларын толтыру қажет пе?

– Егер ҚҚС төлеуші мен оның контрагенттері оның тарапына салық кезеңі ішінде бүкіл шот-фактураларды электронды түрде жазып берген болса, онда салық мерзімі ішіндегі өткізілген және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі жасалмайды.

– Электронды шот-фактураларды қайтарып алу оның күшін жоюдан қалай ерекшеленеді?

– Электронды шот-фактураларды қайтарып алу –қайтарылып алынатын құжаттың орнына түзетілген құжатты жазып беруді білдірмейді. Егер алушыға бұрын жіберілген электронды шот-фактура қате жазып берілген болса және құжатты жеткізушіні шот-фактуралар тізілімінен шығарып тастау керек болған жағдайда қайтару жүргізілуі мүмкін. Өнім берушіні және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын бұрын жазып берілген шот-фактурадағы қателерді түзету қажет болған жағдайда Салық кодексінің 263-бабының 14-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс түзетілген шот-фактураны жазып беру жүргізіледі. Түзетілген электронды шот-фактура жазып берілген жағдайда электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бұрын жазып берілген электронды шот-фактура автоматты түрде жойылады.

– Жеке тұлға электронды шот-фактура жазып бере ала ма?

– Жеке тұлға операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлға қызметкері ретінде осындай заңды тұлғаның атынан электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде сенімхат негізінде электронды шот-фактуралар жазып беруге құқылы.

– Мемлекеттік мекеме тарапынан электронды шот-фактуралар жазып берген жағдайда қандай ерекшеліктерді ескеру керек?

– Егер тауар алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, онда «Алушының реквизиттері» бөлімінде «мемлекеттік мекеме» жолын таңдау қажет. Сонымен қатар «Мемлекеттік мекеме реквизиттері» бөлімінің алаңы қосымша толтырылуы керек.

– Біздің компания резидент емес тұлғаға көлік жөндеу қызметін көрсетеді. Резидент емес тұлғаға электронды шот-фактуралар жазып бере аламыз ба?

– Иә, әрине. «Алушының реквизиттері» бөлімінде «Алушы санаты» бағанына «резидент емес» деген белгі салу керек. Резидент емес тұлғада сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда «ЖСН/БСН» алаңын толтырмауға болады.

– Біздің компания Ресей мен Белоруссиядан жиһаз жеткізумен айналысады. Көбінесе қоймада бірдей (бірдей артикульдегі және үлгідегі) жиһаздар болады. Тауар түрлі партиямен әкелінеді (әкелім туралы бірнеше өтінімдер ресімделді). Егер сатып алушыға түрлі уақытта және тауар әкелу туралы түрлі өтінімдер бойынша түскен орындықтар берілсе, электронды шот-фактураның «Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтер» бөлімінде тауардың әкелімі туралы қай өтінім нөмірін көрсету керек?

– Электронды шот-фактуралар нысанында импортталған тауарлар үшін «Тауарлар мен қызметтер бойынша мәліметтер» бөлімінде «КО немесе Тауарлар декларациясы шеңберіндегі өтінімдер №» деген жолға тауарды әкелу туралы өтінімнің нөмірін көрсету керек. Егер тиелген жиһаз тауарды әкелу туралы түрлі өтінімдердің негізінде түрлі партиялармен әкелінген болса, өткізілетін тауарлардың ұқсастығына және біркелкі екеніне қарамастан, әр партияны жекелеп бөліп көрсеткен жөн.

– 2014 жылдың тамызында біз сатып алушыға келісімшарт бойынша тауар бердік. 2014 жылдың қазанында сатып алушы бізге ақауы болуына байланысты тауардың бір бөлігін қайтарды. Әрине, біз сатып алушыға қосымша шот-фактура жазып бердік. Кешікпей сатып алушы ақаулы тауардың тағы бірнешеуін анықтады. Бір қосымша электронды шот-фактура болса да, тағы бір қосымша электронды шот-фактура жазып бере аламыз ба?

– Тауар қайтарылған жағдайда, жеткізуші салынатын айналым мөлшеріне түзету енгізіп, қосымша шот-фактура жазып береді. Қосымша шот-фактурада айналым мөлшерін түзету, ҚҚС-на түзету жасау туралы, сонымен қатар қосымша электронды шот-фактура жазып берілген электронды шот-фактура туралы мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар «Қосымша» 5-бағанын белгілеп, 5.1 – 5.3 жолына 2014 жылдың тамызында жазып берілген шот-фактуралардың реквизиттерін көрсету қажет.

– Жеке тұлғаларға шот-фактуралар жазып беру жөнінде түсіндіруді сұраймыз. Біздің кәсіпорын көрсетілген қызмет үшін шот-фактураны жеке тұлғаға Электронды шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесі арқылы жазып береді. Жеке тұлға электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне тіркелмеген. Жіберілген электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің қосымша парағында шот-фактура мәртебесі «Қаралмаған» деп көрініп тұрады. Мұндай шот-фактура жазып берілген деп есептеле ме?

– Жүйе ақпараттық жүйеге қатысушы ретінде тіркелмеген, бірақ сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) бар тұлғаларға электронды шот-фактуралар жазып беруге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан Республикасында ЖСН/БСН жоқ резидент емес тұлғаларға қатысты емес.

Бұл тұлға жүйеге қатысушы ретінде тіркелсе, онда бұрын өзіне жазып берілген электронды шот-фактуралардың барлығын автоматты түрде алады. Электронды шот-фактура алушы жүйеге тіркелгенге дейін тіркелген электронды шот-фактура  «Жіберілген» («қаралмаған») сүзгісінде болады, бұл электронды шот-фактура жазып берілген деп есептеледі.

– Біздің компания Ресейге тауар экспорттайды. Егер тауар айналымы 10 қаңтарда жасалып, ал электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне шот-фактура 15 қаңтарда жіберілген болса, рубльмен электронды шот-фактура жазып берген кезде валютаның қандай бағамын негізге алған жөн?

– Ереженің 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес электронды шот-фактура нысанының «Валюта бағамы» деген жолында тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған уақыттағы белгіленген бағам көрсетіледі. Бұл жағдайда 10 қаңтарға белгіленген валюта бағамын көрсету керек.

ЗульфияИСКАЛИЕВА

22 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.