Атырау, 28 қараша 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аудан жаңалықтары

2 793 просмотра

Жер қайтарылды

Мақат аудандық прокуратурасы заңсыз берілген жерлерді сот арқылы мемлекетке қайтарды.  

2014 жылы прокуратура жер заңнамаларының сақталуына талдау жүргізу барысында 4 рет тексеру жүргізді. 255 заң бұзушылық анықталды, 65 актінің күші жойылды, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудан прокуратурасының талап-арызымен 1,2 га, кадастрлық құны 2 млн 289 мың теңгенің 12 жер телімі сот шешімімен кері қайтарылған. 

***

 

Әкімдіктегі қоныстой

Алмалы ауылдық округі әкімдігінің жаңа екі қабатты ғимараты пайдаланылуға берілді.

Еске сала кетсек, әкімдіктің бұрынғы ғимаратында 2013 жылдың күзінде өрт шығып, түгі қалмай жанып кеткен болатын. Өрттің шығу себебі тұйықталудан болды делінді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы деректер айтылмады.

***

 

Депутаттар жұмыс сұрады

Мақат аудандық мәслихатының кезекті сессиясында қаралған негізгі тақырыптардың бірі жұмыссыздар мәселесі болды.  

Өткен жылы 6 жәрмеңке ұйымдастырылып, 255 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бірақ жұмыссыздар саны азаяр емес. Оның үстіне маусымдық негізде жұмыс жасайтындардың қысқарып қалуы жиілеп кетті. Жергілікті жұмысшыларды алуға ниеті жоқ «Қазмұнайгаз», «Қазақстан-теміржолы», «Қазтрансойл», «Қазтрангаз» компаниялары депутаттардың сын садағына ілікті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.