Атырау, 28 қараша 02:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сарсаңға түскен Перетаска

2 326 просмотра

20 қаңтарда Оң жақ Төменгі Перетаска тұрғын үй массиві тұрғындары АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекарасындағы орман алқабының алдында үйлерін күреу және өтемақы төлеу туралы шешімнің орындалуын талап етіп митингіге шықты.

Тұрғындар наразы болды: «Бізбен АМӨЗ директоры бірінші кездескен кезде 2015 жылы осы жерде үйлер болмайды деп айтқан еді. Әр кезде әртүрлі айтады...». «Міне, өткен жылдың 31 қазанында қала әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаевтың қолы қойылған хаты. Онда былай делінген: «Ағымдағы жылы СҚА аумағынан бес үй мен бір жер телімін көшіру белгіленген. Қалған тұрғындар 2015 жылы көшірілетін болады. Бұл туралы «АМӨЗ» ЖШС хабардар етуге міндетті» делінген. 2015 жыл басталды, бірақ ештеңе өзгерген жоқ...».

Билікпен келіссөз жүргізу үшін Перетаска тұрғындары сайлаған өкіл Александр ГУЩИН: «Біз проблемаларымыз мүлде шешілмей жатқан соң жиналдық. Біріншіден, біз қашан күрелетінін білмейміз. 2013 жылы бізге үйлеріміздің күреуге кететіндігі жөнінде хабарлама таратты. 2015 жыл басталды, ал, бізге ешкім ештеңе айтпайды. Бұл жанға батады... Біздің отбасыларымыз, бау-бақшаларымыз бар. Көпшілігі жаңа үй саларын, не салмасын білмейді. Біз дұрыс өмір сүргіміз келеді. Бірақ бізді тежеп отыр. Өз басым учаскеме немерелерім үшін балалар алаңын сала алмаймын.

Екіншіден, 2013 жылы қалалық әкімдік бізге тиесілі жылжымайтын мүлікке баға берді. Ресми бағалау хаттамаларын біз көрген жоқпыз. Содан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен әр жер телімінің қанша тұратынын білдік. Баға өте аз – нарық бағасынан төмен берілген. Мен тәуелсіз бағалау компаниясын тауып, бағалау жүргіздім. Біздің үйлеріміз екі есеге қымбат болып шықты. Біз нақты күрелетін уақытта хабарлауды, ал өтемақыны жер телімдерінің құнын тәуелсіз бағалауды қарастыратын «Жер туралы» Заңға сәйкес беруді талап етеміз».

«АМӨЗ» ЖШС заң бөлімінің басшысы Асқар РАХМАНОВ: «АМӨЗ бұл мәселемен көптен бері айналысуда. Бастапқыда Перетаска тұрғындарын СҚА аумағынан көшіру туралы меморандумға қол қойылды. Онда бұл мәселемен қалалық әкімдік айналысуы тиіс деп көрсетілген. Ол бұл жұмысты бастады. тұрғындар айтып отырған бағалауды қалалық әкімдік жүргізген. Содан соң көшірумен қалалық билік емес, АМӨЗ айналысады деп айтты. Осы мәселе бойынша Мұнай және газ министрлігінде кеңес өтті. Бүгінгі күні зауыттың көшіру шараларының жоспары бар.
Ол бойынша АМӨЗ-ді тұрғындардың үстінен сотқа талап-арыз беруге міндетті. Көшіру жобасы үйлердің орналасқан жеріне қарай екі кезеңнен тұрады – салынып жатқан хош иісті көмірсутек өндіру кешенінің (ХӨК) және мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) аумағында. Ең алдымен ХӨК СҚА-ғы 6 үйдің тұрғындары, содан соң МТӨК СҚА үйлері көшіріледі. 

ХӨК СҚА-да орналасқан үйлерге келер болсақ: біз сотқа талап-арыздар беріп, тұрғындарға түсіндірдік: мәселе тек бағасында жатыр, өйткені біз тек тауартану сараптамасы тағайындалсын деп сотқа бердік. Егер тұрғындар сарапшылардың бағасымен келіспейтін болса, онда бұл туралы сотта мәлімдесін, сонда әділ шешім шығады.

Сот бұл сараптаманы тағайындады, бағалау нәтижелерін алдық, бірақ көшіру мәселесімен қалалық әкімдік айналысуы тиіс. Сондықтан біздің талап-арызымыз қаралмай қалды. Біз енді жоғарғы сатыдағы сотқа апелляциямен шықпақшымыз.  Бірақ егер сот шешімі күшінде қалса, онда Министрлікке жүгінеміз. Ол жерде қалалық әкімдіктің қатысуымен тұрғындарды көшіру туралы мәселе шешілетін болады. Заңға сәйкес әкімдіктің мәжбүрлі түрде көшіруге құқығы бар».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қаңтар 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.