Фото: obozrevatel.comАлматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ - «Норманд төрттігінің» СІМ басшылары деңгейіндегі жаңа келіссөздер рауынды Берлинде сәрсенбінің кешінде, 21 қаңтарда өтеді, деп хабарлады rbc.ru.
Аталып өткендей, бұл туралы Германияның СІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер хабарлады. Министрдің айтуынша, «саяси компромис іздеу бойынша бірнеше күнгі келіссөздерден кейін» жаңа келіссөз туралы одан Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров пен оның украиналық әріптесі Павел Климкин сұраған.
«Біз әскери тайталастың ұшығып кетуіне және одан ары саяси ушығуға жол бермеуіміз керек. Ол үшін барлық жағдай тиесілі», - деп толықтырды Штайнмайер.
Өз кезегінде Киев кездесуге қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Жақында ғана өткен баспасөз конференциясында П.Климкин хабарлағандай, Украина «нормандық форматтағы» СІМ басшыларының кездесуіне қатысуға дайын.
«Біз ертең (21 қаңтар - ҚазТАГ) осы әңгіме қайта жалғасуы мүмкін екені туралы айтып отырмыз. Бүгінде біз оған дайындалудамыз», - деді ол.
Ресейлік СІМ С.Лавров аталмыш келіссөздерге қатысу туралы жоспарды растады.
Ресей, Украина, Германия мен Францияның сыртқы істер министрлері деңгейіндегі «норманд форматындағы» кездесу жоғары деңгейдегі келіссөздердің алғашқы кезеңі болуы тиіс Бастапқыда «норманд төрттігіне» кіретін елдердің басшыларының кездесуі 15 қаңтарда Астанада өтеді деп жоспарланған. Алайда, ағымдағы айдын басында Германия канцлері Ангела Меркель, минсктік бейбіт келісімдерді жүзеге асыруда айтарлықтай жетістікке жеткен жағдайда ғана «норманд төрттігінің» жаңа кездесуі өтуі мүмкін, деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, өткен аптада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның басшысы Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Астанадағы «норманд төрттігінің» кездесуі қаңтар айының соңына жоспарланғанын жеткізді.
Ресей, Украина, Германия мен Францияның басшылары украиналық мәселені «норманд форматында» талқылау туралы өткен жылдың желтоқсан айында телефон арқылы сөйлесіп келіскен болатын.
Дереккөз: ҚазТАГ