Фото: lenta.ruАлматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Шииттік «Ансар Аллах» көтерілісші қозғалысының жауынгерлері Йемен астанасы Санедегі президент сарайын басып алды, деп хабарлады ВВС орыс қықметінен.
Куәгерлердің айтуынша, жауынгерлер сарайдың күзетшілерімен аздаған қақтығыстан кейін сарайға басып кірген. Бұл кезде ел президенті Абда Раббо Мансур резиденциясында жоқ екен.
Бұл көтеріліс жақында ғана қол жеткізген Йемен күштері мен көтерілісшілер арасындағы келісімге қарамастан орын алып отыр.
Президент сарайына басып кірген шиит тобының басшысы Абдель Малик Хуси телеарнадағы Йемен халқына арнаған сөзінде ел президенті Мансур Хадиді азаматтардың мүддесін елемей отыр деп кінәлап, ағымдағы жағдайды Санедегі «шешуші сәт» деп атады.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесі де көтерілсшілерді кінәлап, Йемен президентін қолдау көрсетті.
Өткен дүйсенбіде Санеде хоусшылар мен әскерилер арасында қақтығыс болып, 9 адам көз жұмып, 67-сі жараланған болатын. 18 қаңтарда жауынгерлер президент кеңсесінің басшысын ұрлап әкеткен.
Дереккөз: ҚазТАГ