Атырау, 25 қараша 09:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияда Ресейдің ұлты шешен бес азаматы ұсталды

1 701 просмотра

Францияның Безье қаласында фотограф шабуыл жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталған Ресейдің бес азаматы тұрған үйді суретке түсіріп тұр. 20 қаңтар 2015 жыл.Францияның Безье қаласында фотограф шабуыл жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталған Ресейдің бес азаматы тұрған үйді суретке түсіріп тұр. 20 қаңтар 2015 жыл.Францияның оңтүстігінде Ресейдің ұлты шешен бес азаматы "шабуыл жасауға дайындалды" деген күдікпен ұсталған. Францияда қаңтардың басындағы 17 адам қаза тапқан шабуылдардан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тексеру жүргізіле бастаған.

Францияның оңтүстігіндегі Безье қаласының мэрі Роберт Менардтың айтуынша, күдіктілер Безье мен Монпелье қалаларының маңында ұсталған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Безьеде стадион маңынан жарылғыш құрылғы табылған.

Қаңтардың 20-ы күні Парижде бұған дейін арнайы операцияда көзі жойылған Амеди Кулибалиге материалдық-техникалық көмек көрсетті деген күдікпен ұсталған төрт адам сотқа тартылды.

Прокурор күдіктілерге "қару-жарақ сақтау" және "терроризм" бойынша айып тағып, олардың қамауға алуды сұрады.

Кулибали қаңтардың 9-ы күні Париждің шығыс бөлігінде еврей тағамдарын сататын дүкенде бір полицей мен кепілге алынған төрт адамды өлтіріп, кейін өзі оққа ұшқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 қаңтар 2015, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.