Атырау, 25 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ислам мемлекеті» ұйымының басшысы жараланды

2 413 просмотра

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактың солтүстік-шығысындағы Эль-Каим қаласын әуеден шабуылдау кезінде жараланды. Бұл туралы Ирак премьер-министрі жергілікті басылымдарға мәлім еткен, деп хабарлайды Bnews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, ауыр жараланған әл-Бағдади әрең қашып құтылған. Қазір ол Сирияда тығылып жатқан көрінеді.

Ұйым басшысы 2014 жылдың қарашасында Ирактың Мосул қаласына жақын маңда америкалықтардың әуеден шабуылдауы кезінде жараланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, АҚШ үкіметі бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы 2014 жылдың жазында күш алып, Сирия мен Ирактың басым бөлігін басып алды. 29 маусымда ұйымның бақылауына өткен аумақтарда «халифат» құрып, әл-Бағдадиді басшы етіп сайланатыны туралы жарияланды. Ұйым басшысы өзінің есімін Ибрагим деп таныстырып, «халифаттың» астанасы Мосул болады деп жариялады. Ол өзін Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың Әбу Бәкір әл-Бағдади әл-Хусейн әл-Құрайши есімді ұрпағымын деп санайды.

Дереккөз: bnews.kz

20 қаңтар 2015, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.