Атырау, 4 қазан 12:26
 ашықВ Атырау +14
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Бұзақы» ұсталды

2 918 просмотра

Атырау облыстық ІІД-ден атыраулық Юрий ТЕННІҢ қайтыс болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы редакция сауалына жауап келді.

Естеріңізге салсақ, 30 жастағы қала тұрғыны Юрий Тен 13 желтоқсанға қараған түні әлдебір танысы «Ақ Орда» мейрамханасының шығар ауызында соққыға жыққаннан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қылмысты бейне бақылау камерасы түсіріп алған. Бастапқыда ІІД қылмыстық істі «Бұзақылық» бабы бойынша қозғады, тек прокуратураның нұсқауынан кейін ғана оны «Абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабына өзгертті. Марқұмның анасы Зоя ТЕННІҢ тергеу ісіне күдігі туындаған. Атап айтқанда, оның айтуынша, тергеуші бұл іске бейнежазбаны тіркемеген “Бұзақылық”? Жұмсақ айтылған»).

ІІД бастығының орынбасары Б.АЙМУРЗИННІҢқолы қойылған жауапта былай делінген: «2015 жылғы 12 қаңтардағы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ю.Теннің қайтыс болу себебі бас сүйегі-мидан алған зақым болып шықты. Сол күні қылмыс жасады деген күдікті азамат С. ҚР ҚІК-нің 128-бабының тәртібі бойынша ұсталды.

Тергеу жүргізілуде, оқиға бейнежазбасы алынып, іс материалдарына жалғанды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді».

- Мен ұлымнан айырылдым. Оған себепші болған адам жазасын алуы тиіс. Іс дұрыс тергеліп, сотқа жетеді деп үміттенемін, - дейді Зоя Тен.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 қаңтар 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.