Атырау, 28 қараша 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ортадан орын алды

1 311 просмотра

Renking.kz зерттеу агенттігі облыстың, облыс орталықтарының және республикаға бағынышты қалалардың әкімдіктерінің 2014 жылғы жұмыс сапасына баға берді.

20-26 желтоқсанда сауалнама жүргізу арқылы бизнес, үкіметтік емес ұйымдар мен аналитикалық қоғамдастық саласының 48 сарапшысынан сауал алынды. Негізгі критерийлер - өңірдің экономикалық даму деңгейі, өңірлік әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар, жергілікті биліктің саяси тұрақтылықты қолдау қабілеті, әлеуметтік және еңбек дауын азайту. Қызылорда облысының әкімдігі (Қырымбек Көшербаев) көшбасшы деп танылды. Атырау облыстық әкімдігі – тізімнің ортасынан орын алған. Облыс орталықтарының арасында Ақтау қаласының әкімдігін  (Еділ Жаңбыршин) көшбасшы деп атады. Атырау қаласының әкімдігі 4-ші орында.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

20 қаңтар 2015, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.