Атырау, 25 қараша 10:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғыз – өзбек шекарасында атыс болды

2 450 просмотра

Қырғызстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында қырғыз шекарашылары мен ел аумағына заңсыз өткен Өзбекстан аңшылары арасында атыс болып, бір адам жараланды, деп хабарлайды BNews.kz АА-ның меншікті тілшісі.

Ала-Бұқа ауданы Ажек елді мекеніндегі шекара учаскесін күзетіп жүрген қырғыз шекарашылары аң аулап жүріп, Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен үш өзбек азаматын ұстады. Өзбекстан азаматтары қаруды тастап, беріліңдер деген талапқа бағынбай, шекарашыларға оқ жаудырған. Атыс барысында аңшылардың бірі жарақат алды. Қалған екі аңшы оқиға орнынан қашпақ болған кезде қолға түсті.

Жарақат алған өзбек азаматына алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Уағдаластыққа сәйкес жарақат алған аңшы мен үш дана аңшылық қаруы өзбек шекарашыларына тапсырылды.

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара өкілдері аталмыш мәселеге қатысты кездесу өткізіп, әр тараптың оқиғаға тексеріс жүргізетіні туралы шешім қабылдады.

Дереккөз: bnews.kz

20 қаңтар 2015, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.