Өткен жылдың 20 қазанынан бастап көп сұранысқа ие болған мемлекеттік нөмірлер сатыла бастаған кезде ("Нөмір деп осыны айт") атыраулықтар жалпы сомасы 20 миллион теңгеге 63 "әдемі" нөмірлер сатып алды.
ІІД әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арман АЯЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, атыраулықтарда 111 (он ), 888 (жеті), 007 (алты), 001 (бес нөмір сатып алынды) секілді сандық белгілері бар көлік маңдайшалары кең қолданыста.
Жыл басынан бері 2 млн 350 652 теңгеге 6 нөмір алынды. Ал әкімшілік полиция басқармасындағылар Атырауда VIP нөмірлер "қалағандай тез сатылып жатқан жоқ" деп мойындады.
Естеріңізге салсақ, 001-009 және 777 сандық белгілердегі мемлекеттік нөмірлер бүгінгі күні 451 896 теңге; 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 – 271 534 теңге тұрады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА