Бүгін, 19 қаңтарда, православиялық христиандар 12 шіркеу мерекелерінің бірі – Крещение Господня немесе Богоявление мерекесін атап өтуде.
Түске таман Жайық өзенінің Әлиев – Сатыбалдиев көпірі маңына көптеген адамдар жиналды. Әулие Успен соборының настоятелі Михаил әкей дұға оқып, қатысушыларға ойылған үкі суын шашып, суға түсуге рұқсат берді. Ниет білдіргендер көп болды, кезек тәртібін құтқарушылар қадағалады. Жағалауда «жедел жәрдем» көлігі кезекшілік атқарды, кейін анықтағанымыздай, оның көмегі ешкімге керек болмапты.
Суға түсуге тек христиандар ғана емес, мұсылмандар да ниет білдірді. Батылы жеткендер үкіден ыдыстарға құйып су алып кетті.
- Бұл күні су үлкен қасиетке ие болып, көп күндер бойы сақтауға келеді, бұзылмайды, - дейді Михаил әкей.– Менің үйімде бұдан бес жыл бұрын құйып алған су сақталып тұр. Ол әлі еш бұзылмаған.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор