Қырғызстанның жол қозғалысы туралы заңы Еуразиялық экономикалық одақ ережелерімен сәйкестендірілді. Тиісті түзетулерге ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Құжат автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қырғызстанның нормативтік-құқықтық базасын үйлестіруге және республика талаптарын халықаралық ережелермен барынша сәйкестендіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған қоса, мемлекеттік техникалық байқаудың жаңа шарттары белгіленуде. Техникалық байқауға жататын көлік құралдарының категориялары, техникалық байқаудан өту мерзімділігі, техникалық байқау өткізуге өкілетті субъектілер тобы анықталуда.
Аталмыш заң Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған күнінен бастап, яғни 2015 жылдың 1 мамырынан күшіне енеді.
Дереккөз: bnews.kz