Германия канцлері Ангела Меркель Берлиндегі мұсылман жамағаты ұйымдастырған митингке қатысып, Ислам дініне бағытталған қарсылыққа қатысты өз ой-пікірін білдірді.
«Ислам діні Германияның ажырамас бір бөлігі», – деп мәлімдеді Меркель өз ұстанымын.
Сондай-ақ, кеше Бранденбург қақпасы алдында 28 мұсылман ұйымының басын біріктірген Мұсылмандардың Орталық кеңесінің ұйымдастыруымен «Лаңкестік бізден емес» атты жиын болып өтті.
Діни азшылықты құрайтын мұсылмандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған раллиге Германия президенті Иоахим Гаук те қатысты. Осылайша, Гаук пен Меркель және неміс мұсылмандарының көшбасшысы Айман Мазъек бастаған топ француз елшілігінің алдында бір минут үнсіздік жариялап, құрбан болғандарға құрмет танытты.
Дереккөз: muslim.kz