16 қаңтарға қараған түні полиция қала маңындағы Атырау селосында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасады деп күдіктелген қылмыскерлер тобын ұстады.
Қылмыс 11 қаңтарда таңғы сағат 5-те жасалған: бетперде киген үшеу букмекерлік кеңсеге басып кіріп, пышақпен қорқытып, кассирден 50 мың теңгені алып кеткен. ІІД бастығының бірінші орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ басшылығымен криминалдық полицияның тергеу тобы банданың ізіне түсті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, банда басшысын – Бейнеу поселкесіне қарай облыс шекарасын кесіп өтпек болған Маңғыстау облысының 18 жастағы тұрғынын жедел топ қызметкерлері ұстады. Оның сыбайластары, 20 және 21 жастағы жергілікті тұрғындар Атыраудан ұсталды.
Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ